Биыл алаяқтар тұрғындарды 97 миллиард теңгеге алдаған
atpress.kz
Биыл қаңтар-қараша айларында ҚР Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде "Алаяқтық" бабы бойынша 40,8 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.
Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6 пайыз көп, - деп хабарлайды Altaynews тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай құқық бұзушылықтардың жартысына жуығы интернет-алаяқтықтар: 19,9 мың жағдай, бір жылда 5,8 пайызға өскен. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде төлем карталарын пайдалана отырып (267 жағдай), кредит беру саласында (53 жағдай), ақшалай қаражатты қарызға алу жолымен (41 жағдай) және т.б. алаяқтық әрекеттер тіркелген. "Алаяқтық" бабы бойынша ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар Алматыда тіркелді: 8,5 мың жағдай - бір жыл бұрынғыға қарағанда 9,4 пайыз аз.
Одан кейін Астана (6,5 мың жағдай, плюс 8,9 пайыз) және Қарағанды облысы (3,3 мың жағдай, плюс 24,9 пайыз). Мұндай құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытауда (397 жағдай - өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп), Қызылорда (615 жағдай, минус 0,8 пайыз) және Жамбыл (806 жағдай, минус 2,3 пайыз) облыстарында тіркелді.