KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Балаларға қатысты қылмыс: 5 айда 83 зорлық, 11 өлім

Сурет: qazaqstan.tv

3.07.2023, 10:11 300 Оразай Жеңісұлы

Биылғы қаңтар-мамыр аралығында кәмелетке толмағандарға қатысты 1080 қылмыс жасалған. Былтырғы қылмыс санынан 7,6 пайызға көп, деп хабарлайды Altaynews  тілшісі.

Ranking зерттеуіне сүйенсек, қылмыстардың көбі орташа ауырлықтағы құқық бұзушылықтарға байланысты: 364 жағдай. Ауыр құқық бұзушылық – 252, аса ауыр құқық бұзушылық – 198 жағдай, ауырлығы аз құқық бұзушылық – 194 жағдай.

Өткен жылдың алғашқы бес айында кәмелетке толмағандарға қатысты 1004 құқық бұзушылық жасалған.

Өңірлер бойынша балаларға қатысты ең көп құқық бұзушылықтар Түркістан облысында тіркелді: алдыңғы жылы 101 жағдай болса, былтыр 100 құқық бұзушылық тіркелген.

Құқық бұзушылықтар Алматыда (89 жағдай, жылына 15,6 пайыз) және Алматы облысында (86 жағдай, минус 23,2 пайыз) көп.

Ең аз құқық бұзушылық Ұлытау (15 жағдай), Солтүстік Қазақстан (26 жағдай) және Павлодар (33 жағдай) облыстарында байқалды.

 

Баптар тұрғысынан көбінесе он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы басқа әрекеттер (158 жағдай) және жол қозғалысы ережелерін бұзу (158 жағдай) сияқты балалар зардап шеккен құқық бұзушылықтар тіркелді. Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлау, ұрлық, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері де жасалды, сондай-ақ бұзақылық пен балаларды бүлдіру жағдайлары тіркелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив