ШҚО-да адам саудасына байланысты 2 құқық бұзушылық тіркелген
Жыл басынан бері елімізде адам саудасына байланысты 81 құқық бұзушылық тіркелген.
Оның ішінде, 44-і жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыруға немесе ұстауға, 11 жағдай адам саудасына, 9 жағдай кәмелетке толмағандар саудасына, 6 жағдай жезөкшелікпен айналысуға, 8 жағдай кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартуға, 3 жағдай пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға қатысты.
Аталмыш, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 37,2 пайызға аз.
Ал, ШҚО-да биыл осындай 2 құқық бұзушылық тіркелген көрінеді.
Айта кету керек, аталған санаттағы қылмыстардың алдын алу мақсатында министрлік «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заң жобасын әзірлеуде.