KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да 2022 жылы 6 медициналық қылмыстық құқық бұзушылық болды

26.01.2023, 16:53 603 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында 2022 жылы алты медициналық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Ал республика бойынша денсаулық сақтау саласында 223 рет заң бұзылған, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Мұндай деректі Finprom.kz талдау порталы ұсынды.

«Былтырғы көрсеткіш 2019 жылғымен салыстырғанда 6,2 пайызға көп. Құқық бұзушылықтар саны үш жылдан кейін қайта өсіп кетті», - деп жазылған порталда.

Сарапшылардың айтуынша, көбінесе медициналық немесе фармацевтикалық қызметкерлер кәсіби міндетін дұрыс орындамаған.

Сонымен қатар мынандай фактілер бар:

рецептілерді заңсыз беру немесе қолдан жасау;

заңсыз түсік жасау;

жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу.

Қылмыстық құқық бұзушылық, әсіресе, Алматы, Астана қалаларында және Алматы облысында көп: 26, 21 және 20 факті. Ең азы – Ақтөбе, Ұлытау және Жетісу облыстарында. 4, 3 және 2 фактіден.

Finprom.kz. деректеріне сүйенсек, Шығыс Қазақстанда өткен жылы алты медициналық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив