Күршім ауданының сегіз ауылында тұрғын үйлер салынып жатыр
Фото: Altaynews.kz
Күршім ауданында тұрғын үй кезегінде 377 адам тұр. Оның ішінде 62 көпбалалы отбасы.
Бұл мәселені шешу үшін «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы бойынша 11 елді мекенде 16 үй салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қазіргі күні көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 8 елді мекенде 12 жеке тұрғын (кейіннен сатып алатындай) үйдің құрылысы жүргізілуде Қарашілік ауылында - 1, Қайнарлы ауылында - 1, Алғабас ауылында - 1, Қаратоғай ауылында - 3, Бурабай ауылында – 1, Топтерек ауылында – 1, Жолнұсқау мен Марқакөл ауылындарында 2 үйден салынып жатыр. Нәтижесінде 12 көпбалалы, аз қамтылған отбасылар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Жанаргүл Мұқатай