«Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға». Үржарда 20 тұрғын үй салынып жатыр
Үржар ауданының Ақжар ауылында қос пәтерлі 20 тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Содан кейін баспана кілттері көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға табысталады.
Сондай-ақ аудан басшылығы үй кезегінде тұрған мемлекеттік қызметкерлерге, дәрігерлерге, мұғалімдерге және мұқтаж жандарға арнап тағы 20 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.
Оқи отырыңыз