KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,1 м/с, З
439.4 473.54 4.76

ШҚО-да оқушылар арасында олимпиада өтіп жатыр

Фото: 24kz

22.12.2023, 19:45 814 Қызырбек Дүргінбайұлы

Бүгін ШҚО-да «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша I республикалық олимпиаданың екінші кезеңі басталды.

 

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Републикалық олимпиадада бақ сынайтын болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарында үш кезең бойынша өткізіліп жатыр. Олимпиаданың облыстық кезеңіне 700-ден аса оқушы қатысуда. Олар аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары.

 

– Олимпиаданың мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау. Оларға оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу. Үздіктерді одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби деңгейі бойынша бағдарлау, – дейді «Дарын» орталығының әдіскері Жұпар Ерғазықызы.

 

Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында Youtube арнасында онлайн трансляция жүргізілуде. Сондай-ақ тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өтіп жатыр.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив