Ауылдардың 40%-ы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған - ШҚО
Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Марина Гагарина мәлімдеді.
«Өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыстағы 683 елді мекеннің 277-і, яғни 40,5 пайызы секундына 8 мбит-ке жететін жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілген. 261 ауылда жылдамдығы секундына 8 мбит-ті құрайтын интернет бар», - деді ол..
Марина Гагаринаның айтуынша, шалғайдағы ауыл тұрғындарының кең жолақты мобильді интернетке қол жеткізуіне мүмкіндік беретін «250+» жобасы да жүзеге асырылуда.
Оқи отырыңыз