KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Биыл 20 ауыл интернетке қосылды – ШҚО

22.11.2023, 14:10 160 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да осы уақытқа дейін күн тәртібінен түспеген интернет мәселесі өз шешімін тауып келеді. 
ШҚО-да ағымдағы жылдың он айында 20 елді мекен кең жолақты интернетке қосылды. Енді Тарбағатай ауданындағы Асусай ауылы мен Катонқарағайдағы Ақсу ауылында ғаламтор бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 6 290 ауылдық елді мекен бар. Оның ішінде 4 858 интернетке мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. 
ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда облыс халқының 95 пайызға жуығы мобильді интернетпен қамтылған. Қалған ауылдарды 2027 жылға дейін кезең – кезеңімен қосу жоспарлануда. 
-    Өңірде мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін антенна-діңгек құрылыстарын салу жұмыстары жалғасуда. Қазір Глубокое ауданына қарасты Зимовье ауылында жұмыстар аяқталуға жақын. Осы жылдың соңына дейін байланыс операторынан қажетті жабдықтар орнатыла. Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен Зайсан, Шемонаиха, Ұлан аудандарында тағы төрт антенна-діңгек құрылысының құрылысы басталды, - деп атап өтті Ілияс Әбдірахманов.
Биыл 5G жаңа мобильді желісін енгізу басталды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін Республикалық маңызы бар қалалар аумағының 75% - ы, облыс орталықтары аумағының 60% - ы 5G технологиясымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, жоба аясында 2027 жылға қарай республикалық маңызы бар қалалардың 75%-ы, облыс орталықтарының 60%-ы 5G технологиясымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив