Шемонаиха ауданының тұрғынынан есірткі заттары табылды
Полиция қызметкерлері 52 жастағы ауыл тұрғынының үйінен 110 грамнан асатын кептірілген марихуана тауып, тәркіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары 52 жастағы ауыл тұрғынын анықтады, оның үйін тінту барысында салмағы 110 грамнан асатын кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындағаны, қайта өңдегені, сақтағаны үшін ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз