KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Катонқарағай ауданының тұрғынынан есірткі табылды

Фото: la-advokat.ru

11.12.2023, 12:35 167

Жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде полицейлер есірткі сақтаған 36 жастағы Катонқарағай ауданының тұрғынын анықтады.

 

Оның үйін тінту барысында есірткі заттары табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шыққан, жалпы салмағы – 1183,10 грамм.

 

Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалған.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы, 3-бөлігі – есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Жанаргүл Мұқатай

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу