Есірткі сақтаған кезекті тұрғын анықталды – ШҚО
Фото: kanevskaya.bezformata.com
Үйінің ауласында есірткі сақтаған Ұлан ауданының тұрғыны ұсталды.
Тәртіп сақшылары "Қарасора" жедел-профилактикалық іс шарасын өткізу барысында анықтаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
54 жастағы ауыл тұрғынының ауласынан салмағы 200 грамнан асатын есірткі заттары табылған.
- Сараптама қортындысына сәйкес, заттай дәлел ретінде алынған есірткі марихуана екені расталды. Жауап алу кезінде күдікті есірткі затын сату мақсатында емес жеке пайдалану үшін сақтағанын мойындады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК –нің 296-бабы 2-бөлігімен « Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз