ШҚО-да асыраушысынан айырылған 3100 отбасы 1,1 млрд теңге алды
фото: kapital.kz
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік төлем мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады.
Қордан тағайындалатын төлем асырауындағылар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқитындарға 23 жасқа толғанға дейін төленеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қордан жұмысынан айырылу жағдайына байланысты берілетін әлеуметтік төлем жүйеге қатысушыға жұмыстан шығу себептеріне қарамастан тағайындалады. Оны тағайындаудың негізгі шарты – жұмыссыз ретінде тіркелу. Тіркелу арқылы қатысушы әлеуметтік төлемді тағайындау құқығына ие болады. Төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. Төлем мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 2 жыл ішінде Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, жүйеге қатысу өтіліне және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 40%-дан 45%-ға дейін арттырылған кірісті алмастыру коэффициентіне байланысты болады.