KZ
Өскемен
+8°
дождь жел 6 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Тарбағатайдың бірнеше ауылында коворкинг орталықтары ашылды

27.01.2024, 16:30 225 Мадина Амангелдіқызы

Тарбағатай ауданының шекаралық Жаңаауыл, Ахметбұлақ, Жаңаталап ауылдарында коворкинг орталықтары ашылды.

Қазіргі кезде мемлекет деңгейінде дәстүрлі кітапхана қызметіне өзгерістер енгізіліп жатыр. Яғни, кітапхана кітапты насихаттаумен ғана емес түрлі ақпараттық қызметті тегін көрсететін бірден-бір мекеме, сондай-ақ халық бос уақытын тиімді өткізетін әдеби, мәдени орталық ретінде жабдықталады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Аталған ауылдарда ашылып отырған коворкинг орталықтары -  соның бір көрінісі. Кез келген адам мұнда  интернет желісін тегін пайдаланып, өз қалауынша жұмыс істей алады. Түрлі тренингтер өткізуге, бірігіп түрлі бастамаларға дайындық жұмыстарын жүргізуге болады. Ең тиімдісі, ешкім ол үшін ақы сұрамайды, кедергі келтірмейді. Ауылдағы үлкен-кішінің  бәріне ортақ,  жанына жайлы демалыс орыны. Жастар дойбы, шахмат, домино, тоғызқұмалақ, т.б. ойындарды ойнайды. Кейде жиналып келіп, тоқыма тоқып, әнгімелесіп отырған әжелерді де көруге болады.

- Енді кітапхана оқырмандарымыз мұнда кітап оқумен ғана емес, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен айналыса алады. Әртүрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге, кеңес алуға, идеялар талқылауға болады.  Бұл орталықта ауыл тұрғындары интернет желісін пайдаланып, кездесулер, семинарлар, конференциялар өткізіп, бүкіл телекоммуникациялық қызметтің барлық түрін тегін пайдаланады. Сондай-ақ мұнда шашка, шахмат, қолөнер үйірмелері жұмыс істейді, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ермек Құрманғалиев.

Бұл орталық жастарға өзін-өзі жетілдіру үшін үлкен мүмкіндіктер беретіні сөзсіз.

Осы уақытқа дейін кітапхана әдебиет пен ақпарат орталығы болса, енді қосымша демалыс орыны ретінде ауылдың тыныс-тіршілігіне өзіндік үлесін қосатын, өркениет көшіне ілескен заманауи руханият ордасына айналып отыр.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив