KZ
Өскемен
-7°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да агроөнеркәсіптік жобаларды қаржыландыруға 10 млрд теңге бөлінді

Фото: malim.kz

30.01.2024, 21:00 116

ШҚО-да отандық тауар өндірушілерді, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешенді қолдау қарқынды өсуде. 


Мемлекет басшысының отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі тапсырмасы аясында ШҚО бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды қаржыландыруға 10 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Жоба бойынша «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-дан қорытынды алғаннан кейін қаражат «ШҚО агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды іріктеу комиссиясы» мақұлдаған жобаларға бөлінеді. 


Қаржыландыру «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ атынан сенім білдірілген агент арқылы жүзеге асырылады.


Несиелер келесі шарттармен беріледі:


1) нысаналы мақсаты – жаңа жоба құруға немесе қолданыстағыны кеңейтуге бағытталған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды іске асыру:


- тауарлы-сүт фермалары (қуаты 400 бастан);


- суармалы егіншілік (тауарлы-сүт фермасы үшін жемшөп өндірісі),  заманауи су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы (шашырату, тамшылатып суару); 


2) несие мерзімі - 10 жылға дейін;


3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% - дан аспайды;


4) кепілдіктің болуы;


5) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 айдан аспайды.


Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті аудан әкімдіктеріне, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ кеңсесіне немесе ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасына хабарласуға болады.


                                                                           

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу