KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шаруаларға берілетін 2,5 пайыздық несиенің шарттары қандай?

Фото: lindeal.com

8.09.2023, 21:11 193 Ләззат Қанатқызы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары туралы бұйрығы күшіне енді.

Құжатта жергілікті әкімдіктер бюджеттің кредит қаражатын сенім білдірілген өкілге тапсырма шарты бойынша беретіні айтылған. Ал жергілікті әкімдіктің өзіне бұл кредит республикалық бюджеттен 0,01 пайыз жылдық сыйақымен беріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Жергілікті әкімдік жоба ұсынушыларға бұл кредитті 10 жылға дейінгі мерзіммен, ең жоғары сомасы 5 миллиард теңгеден аспайтындай етіп, номиналды жылдық сыйақы мөлшерлемесін 2,5 пайыздан асырмай, АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге берілу керек.

Кредит сұралатын жобалар мына бағыттарды қамтуы тиіс:

тауарлық сүт фермалары (қуаты 400 бастан бастап);

етті бағыттағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);

көкөніс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);

қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдаланылатын суармалы егіншілік (картоп пен көкөністер, азық өндірісі).

Кредит алушының кепілге қоятын мүлкі болуы шарт.

Сондай-ақ, негізгі борышты өтеуге 24 айдан аспайтын жеңілдік мерзімі беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу