KZ
Өскемен
+6°
пасмурно Штиль
479.05 534.57 5.17

Басылымдардың басынан бағы тайды дегенмен келіспейміз - Талғатжан Мұхаметбекұлы

2.02.2024, 14:24 157

2023 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Осы бір атаулы күнге орай ШҚО-ның БАҚ өкілдері әріптестеріне өз жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

 

Талғатжан Мұхаметбекұлы, облыстық "Менің өлкем" газетінің бас редакторы:

 

- Көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқан цифрлы технологиялар БАҚ саласын да айналып өтпей, өз әсерін тигізуде. Бірақ егер сіз газет-журналдардың күні бітті, өміршеңдігі жоқ десеңіз, қатты қателесесіз. Дамыған елдердің өзінде мерзімді басылымдар өзіндік бағыттарын айқындап, ойлы оқырманға жол тартып жатыр. Осындағы "ойлы" сөзін тектен-текке айтпадық. Себебі жарқ-жұрқ еткен ғаламтордағы ақпараттың рас-өтірігі қайсы екенін айыра алмай, ақылын айран, ойын ойран қылғанша, газеттегі нақты, шынайы мағлұматтарды оқып, сол оқығанын сана сарабына салатын адам ойлы болмай, қандай болмақ?! Әр мәселенің байыбына барып, тереңіне үңіліп жазылған сараптамаларды да әлеуметтік желілерден шам алып іздесеңіз де таба алмайсыз. Басылымдардың басынан бағы тайды дегенмен келіспейтініміз, міне, осыдан.
 
Бүгінгі ұлттық баспасөз күні барша әріптесіме құтты болсын деймін! Халықтың газетке деген құрметін арттыру, сенімін күшейту біздің қолымызда. Сол жолда тұлпарымыз оза шапсын! Қалам атты қаруымыз қолдан түспей, сөз сұңқарын самғата берейік!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив