KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақ баспасөзінің бағытынан айнымай басыла беруіне күш салуымыз керек – Мерей Қайнарұлы

2.02.2024, 12:50 127

2023 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Осы бір атаулы күнге орай ШҚО-ның БАҚ өкілдері әріптестеріне өз жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

 

Мерей Қайнарұлы, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі, ҚР Журналистер Одағы ШҚОФ төрағасы:


- Бүгін - тарихи дата. Осыдан тұп-тура 110 жыл бұрын «Қазақ» газетінің тұңғыш нөмірі жарық көріп, қазақ даласына таратылды. Былтыр 2 ақпан Ұлттық Басылым күні болып бекітіліп, міне, бірінші жыл әріптестерге құтты болсын айтысып жатырмыз.
 
Жалпы қазақ басылымының басында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сынды Алаш ардақтылары тұрғанын білеміз. Әлем цифрланып, ақпарат алу жеңілдегенімен ұлт зиялылары салған сара жолдан жаңылмай, жалғап келе жатырмыз. Жалғаса да бермек. Айтайын деп отырғаным, қазақ баспасөзінің бағытынан айнымай басыла беруіне күш салуымыз керек. Бүгінгі Ұлт Басылымы күні де газет-журналдың мәртебесін көтеруге септігін тигізеді деп ойлаймын. Тарихи датамен байланысты болғандықтан, мақсаты да айқын.
 
Қазақ баспасөзінің беделі әрқашан биік болуы керек. Ақпаратты сайттан, әлеуметтік желіден оқығанымызбен, қағазға басылған дүниенің маңызы бөлек. Ол – тарих. Ал, экрандағы дүние бүгін бар, ертең жоқ. Баспасөзге қолдаудың керектігін мүмкін болған жерде айтып-ақ жүрміз. Бүгінгі мерекеміз – Ұлттық Басылым күнін ырду-дырдумен той тойлаумен өткізбей, баспасөз саласына серпін беретіндей тың жобаларды бастасақ деймін. Науқаншылмыз ғой. Мысалы, бәріміз бір кісідей Қазпоштаға барып, газет-журналға жазылсақ, журналистер, оқырмандар бірлесіп, газеттің мазмұнын артыру мақсатында пікірталас, дөңгелек үстелдер ұйымдастырсақ... Сонда басылымға шынайы қолдау болар ма еді деймін. Биыл тұңғыш рет аталып жатқандықтан ба, құтты болсыннан аса алмай жатырмыз. Келер жылы жүйелі жоспар құрып, бірлесіп, ұлт баспасөзін қолдау мақсатында шаралар ұйымдастыруымыз керек.
 
Иә, Ұлттық Басылым күні баршамызға құтты болсын!


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив