KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Бүгін – Ұлттық басылым күні

Анель Абзалбекованың суреті

2.02.2024, 09:30 90 Ләззат Қанатқызы

2023 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді.  Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

111 жыл бұрын 2 ақпан күні «Қазақ» газетінің бірінші нөмірі шықты.

Оның бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрды. «Қазақ» газетінде Мұстафа Шоқай, Сұлтанмахмут Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Халел Досмұхамедов және тағы басқа танымал қазақ қоғам қайраткерлері өз мақалаларын жариялады.

Қазақ зиялылары құрған газет ұлттық жаңғырудың қайнар көзі болды. Сол себепті осы датаны Ұлттық басылым күні ретінде атап өтудің маңызы зор. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив