KZ
Өскемен
+1°
туман жел 3 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Биыл өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады

Фото: Аяужан Утеулинова

2.02.2024, 21:38 272 Айна Ескенқызы

Биыл елімізде тұңғыш рет өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады.

 

Конкурсқа 1-наурыздан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада 35 жастан аспаған, жоғары білімді жəне үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

Бұл туралы  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

- Жобаның негізгі мақсаты - жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту. Кадрлар индустрия және өнеркәсіп; экономика және қаржы; әлеуметтік сала; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым; агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары бағыттары бойынша іріктеледі. Сонымен қатар, салалық бағыттары мен резервшілердің нақты санын өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, өңірлік кадр комиссиялары айқындайды, - деді Нұрлан Еркебаев.


Департамент басшысының түсіндіруінше, іріктеу бес кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде 1-30 наурыз аралығында құжаттарды қабылдайды, екінші кезең - заңнаманы білуге және үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу, үшінші кезең - құзыретті бағалау, төртінші кезең - комиссиядағы құрылымдық сұхбатқа он бес үміткер ғана жіберіледі. Бесінші кезең - комиссияның отырысында резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылады. Өңірлік резервтерге алынған адамдардың тізімі комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, сондай-ақ онлайн-платформада жарияланатын болады.

- Өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу елімізде тұңғыш рет өтеді. Соған қарамастан біздің облыстан еліміздің болашағы толғандыратын жастар көптеп шығады, іріктеуге үміткерлер аз болмайды деп сенемін. Мысалы, Президенттің жас кадрлар резервіне Шығыстан 140 үміткер қатысып, олардың екеуі резервке алынғаны белгілі, - деп толықтырды Нұрлан Еркебаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу