KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
441.8 480.02 4.88

Президенттік жастар кадрлық резервіне кімдер өткені белгілі болды

Фото: uly-alash.kz

25.12.2023, 12:26 110 Анель Слямғазықызы

2023 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу қорытындысы жарияланғанын мәлімдеді.

 

Ведомствода Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу аяқталғанын атап өтті, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

 

Ұлттық комиссияның шешімімен 50 адам резервке алынды. Қабылданған кандидаттардың тізімі pkrezerv.gov.kz сайтында жарияланды.

Ұлттық комиссия отырысына барлығы 100 кандидат жіберілді. Соңғы іріктеу кезеңінен өте алмаған 50 үміткер өңірлік кадрлық резервке қабылдауға ұсынылады.

 

Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған азаматтар саяси лауазымдарға, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, "Б" корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Резервте болу мерзімі – 3 жыл.

 

Бұған дейін Президенттік жастар кадрлық резервіндегі бір орынға 128 қазақстандықтың өтініш білдіргені хабарланған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив