KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Биыл жолдарды жөндеуге екі есе көп қаражат бөлінеді – ШҚО

Фото: kazlenta.kz

8.02.2024, 21:12 125 Нұржан Кенжеұлы

2023 жылы Шығыс Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытуға 20,4 миллиард теңге бағытталды.

Бұл қаражатқа 392 шақырым жол мен көше жолдары жөнделді. Салыстырмалы түрде алып қарастырсақ, 2022 жылғы көрсеткіш 291 шақырым шамасында болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархад Бельбеевтің айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 92 пайызға дейін жеткен (2022 жылғы көрсеткіш 91 пайызға тең).

– Жалпы, 2024 жыл Жолдар жылы деп жарияланғанын ескере отырып, биыл облыста 600 шақырым жол мен көшені ретке келтіру жоспарланғанын айтқан жөн. Атап айтсақ, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру екі есеге, яғни жетіден 15 миллиард теңгеге дейін ұлғаймақ. Ал елді мекендердің көшелері мен жол құрылыстарын жөндеу жұмыстарын ескеретін болсақ, бұл бағытқа барлығы 28 миллиард теңге салу жоспарлануда, – деп хабарлады басқарма басшысы.


 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу