KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

ШҚО-ның жеңіл атлеттері бес медаль жеңіп алды

Фото: ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы

9.02.2024, 13:06 178 Нұржан Кенжеұлы

Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде ерекше спорттық іс-шара мәресіне жетті.

Үш күн бойы республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған есту қабілеті зақымданған спортшылар жеңіл атлетика түрлерінен өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, биылғы Қазақстан біріншілігіне еліміздің түгелдей дерлік өңірінің саңлақтары қатысыпты. Дәлірек айтсақ, бұл жолғы додада Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан жиналған барлығы 110 жеңіл атлет сынға түскен.

Аса тартысты өрбіген байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша шығысқазақстандық спортшылар қоржынға бес медаль салды. Оның төртеуі алтын болса, біреуі – күміс.

Енді жүлдеге қол жеткізген жерлестерімізді атап өтсек, биылғы ел біріншілігінде Файна Мейрманованың жұлдызы жанды деуге болады. Файнаның бір өзі ғана үш медаль жеңіп алды. Және оның үшеуі де – алтын. Шығысқазақстандық атлет ұзындыққа секіру, биіктікке секіру және 200 метрге жүгіруден алдына жан салмады.

Тағы бір алтын медальға Антон Шадрин (сырықпен секіру) ие болса, Адэля Барди-Гожанова (ядро лақтыру) күміс жүлде иегері атанды.

Осылайша, қоржынында бес медалі бар Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға табан тіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив