ШҚО студенті кикбоксингтен халықаралық турнирде чемпион атанды
Үндістанда кикбоксингтен халықаралық турнир өтіп, оған әлемнің оннан астам елінің спортшылары қатысты.
Тартысты бәсекеде С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Мақсат Ерланұлы бірінші орынға ие болып, 75 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жеңімпаздың айтуынша, барлық қарсыластар мықты болды, бірақ Ирактың тәжірибелі кикбоксерімен болған соңғы жекпе-жек ерекше есте қалған екен.
Мақсат кикбоксингпен 11 жасынан бастап айналысады. Болашақта бұдан да жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарда жеңіске жетуді армандайды.
Айжанат Бақытқызы