KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
506.7 593.14 6.53

Арнайы су пайдалануға рұқсат алу толықтай цифрлық форматқа көшірілді

5.01.2026, 14:30 126 Ержан Әбіш

2026 жылдан бастап азаматтар арнайы су пайдалануға рұқсатты Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ) арқылы онлайн форматта ала алады. Жаңа Су кодексіне сәйкес аталған мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде арнайы су пайдалануға рұқсат беру қызметін көрсетудің барлық кезеңі толықтай цифрлық форматқа көшірілді.

Айта кетейік, өткен жылы су пайдалануға қатысты есепті тапсыру рәсімі де электронды форматқа ауыстырылған болатын. Қазіргі таңда СРҰАЖ 11 мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграцияланған.

Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде жерүсті және жерасты сулары туралы барлық мәліметтер жинақталады. Аталған жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2026 жылдың екінші жартысына жоспарланған.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, жоба Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау аясында жүзеге асырылуда.

«Ақпараттық жүйеде су ресурстарына қатысты барлық дерек орталықтандырылған түрде жинақталады. Бұл процестерді автоматтандыруға және нақты деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», – деді министр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу