Өскемендік студент кикбоксингтен Әлем чемпионы атанды
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың екінші курс студенті Серікбол Ермеков кикбоксингтен Ирландияда өткен Әлем чемпионатында топ жарды. Бұл жөнінде жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлайды.
Биылғы жаһандық додаға 25 елдің спортшылары қатысыпты.
Бұл – Серікбол Ермековтың бірінші ірі жеңісі емес. Ол бұған дейін жастар арасындағы ел чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ 2016 жылы Әлем кубогында екінші орын алған.
Серікбол – Катонқарағай ауданының тумасы, кикбоксингпен 12 жасынан айналысады. Оның оқу үлгерімі де жақсы, дейді оқытушылары.
Осы орайда, чемпионның бапкерлері Ержан Шегенов пен Ермек Мүкенов екенін айта кеткен орынды.