KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 2 м/с, ОБ
512.83 600.58 6.36

Өскеменде әскери қызметкерлер қысқы оқу кезеңін бастады

5.01.2026, 16:30 98 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласында Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінде 2026 жылғы қысқы оқу кезеңі ресми түрде басталды. Жаңа оқу маусымының ашылуына арналған жиын барысында ұландықтар өткен жылға қорытынды жасап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев жеке құрамға арнаған сөзінде Ұлттық ұланның ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.

— Мемлекет басшысы айтқандай, «Біздің Қарулы күштеріміз – мемлекетіміздің мызғымас тірегі». Сондықтан біздің басты міндетіміз – ел тұтастығын сақтау, 130-дан астам ұлт өкілі мекендейтін зайырлы еліміздің бірлігі мен ынтымағын нығайту, — деді ол.

Салтанатты жиыннан кейін алаңда сап түзеген әскери қызметшілер қару-жарақ пен әскери техниканы дұрыс пайдалану, әскери мүлікті қолдану, сондай-ақ қызмет барысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтарға кірісті.

Жаңа оқу жылында ұландықтар қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар жауапты міндетті атқарады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу