KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
477.62 527.67 5.25

Шығыста ауа сапасы бұзылады

Фото: Тілеубек Шаяхмет

23.02.2024, 09:34 110 Ләззат Қанатқызы

Бүгін Өскемен мен Риддер қалаларында тағы қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталып отыр.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 23 ақпан, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Риддер, Өскемен қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив