KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
522.91 548.85 5.05

ШҚО-да ауданға жұмысқа барған дәрігерлер баспанамен қамтылды

Фото: Денсаулық сақтау басқармасы

24.02.2024, 08:00 79 Айна Ескенқызы

Шемонаиха аудандық орталық ауруханасына өткен жылы жұмысқа алынған 16 маман баспанамен қамтамасыз етілді.

Аурухананың бас дәрігері Бақыт Сабырқызы онколог-маммолог, хирургтар, акушер-гинеколог, офтальмолог, кардиолог және басқа да мамандарды жұмысқа шақырған болатын. Аудан әкімі Григорий Акулов Шемонаиха орталық аудандық ауруханасына барып, медициналық нысанның тынысындағы өзекті мәселелермен танысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудан басшылығына медициналық ұйымның қызметкерлері перзентхана бөлімшесінің жұмысын көрсетті. Мұнда жұмыс істеу үшін қажетті барлық жабдықтар: жаңа туған нәрестелерге арналған  толық реанимациялық жиынтығы бар қарқынды терапия палатасы, ИВЛ,CPAP жүйелері, кувездер бұрыннан сатып алынған. Жақында СИПАП аппараты атып алынды, бұл аспап  өкпесінде патологиясы бар жаңа туған нәрестелердің өкпелерін ашуға көмектеседі.

Сонымен қатар хирургиялық бөлімшеге электр қуаты болмаған кезде 10 сағат жұмыс істей алатын инновациялық операциялық шамдар сатып алынды. Рентген кабинетінде жаңа көпфункционалды рентгендік диагностикалық кешен жұмыс істейді.

- Ерекше мақтанышымыз - бұл жаңа компьютерлік томограф, оның көмегімен бірқатар ауруларды егжей-тегжейлі анықтауға болады. Енді облыс орталығына барудың қажеті жоқ, бұл аудан тұрғындары үшін өте ыңғайлы. КТ орнатылғалы жүзден астам пациентке зерттеу жүргізілді. Сондай -ақ шемонаихалықтар СMAD  аппараты арқылы қысымның өзгеруіне күнделікті диагноз қоюға мүмкіндік алды және жүректің жұмысына мониторинг жасайтын Холтер аспабы бар,— дейді аурухананың бас дәрігері Бақыт Таймасова.

Григорий Акулов ұжымға алғысын білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауыл медицинасының ахуалын жақсарту жөнінде тапсырма берген болатын.  «Ауылдық денсаулық сақтауды  жаңғырту» ұлттық жобасы ауданаралық орталық аудандық ауруханаларды заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыруға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу