Өскемендік оқушы Президенттен стадион салып беруді өтінді
4-сынып оқушысы Альтаир Бақытұлы Президенттен жабық шағын футбол стадионын салып беруді өтінді.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы бүгін жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстанға келген болатын. Сапар аясында ол өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және әлеуметтік нысанды аралап көрді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы ірі спорт нысандарына да барып, өскемендік жас спортшылармен әңгімелесіп, оларға ізгі тілегін арнады.
Жеңіл атлетикамен айналысып жүрген 10-сынып оқушысы Аружан Рамазанова Ольга Рыпакова сияқты даңқты спортшы болуды армандайтынын жеткізді. Ал кішкентай футболшы, 4-cынып оқушысы Альтаир Бақытұлы Президенттен жабық шағын футбол стадионын салып беруді өтінді.