KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Екі жылда 200 мың гектардан астам жер қайтарылды – ШҚО

Фото: eldala.kz

27.02.2024, 11:01 174

ШҚО-да екі жыл ішінде 200 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Өңірде пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО жер қатынастары басқармасының ақпараты бойынша, 2022 жылдан бастап қайтарылған жер көлемі 226,3 мың гектарға жетті (2022 жылы – 100,6 мың га, 2023 жылы – 125,7 мың га).

Биыл мемлекеттік меншікке 9,1 мың га жер қайтарылды, оның ішінде Алтай ауданында – 0,3 мың га, Глубокое ауданында – 0,2 мың га, Зайсан ауданында – 2,7 мың га, Күршім ауданында – 5,3 мың га, Ұлан ауданында – 0,6 мың га.

- Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмыс Президент тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізіліп жатыр. Қайтарылған жерлерді айналымға тарту да маңызды міндет. Бүгінде мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің 30,3 мың гектары ауыл шаруашылығы айналымына тартылды, оның ішінде 20,8 мың га халыққа, 9,5 мың га агроқұрылымдарға конкурстық негізде берілді, - деп хабарлады ШҚО жер қатынастары басқармасы.


 

                                                                      Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу