KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Самар ауданында 880 гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: smi24.kz

29.06.2023, 12:21 221 Ләззат Қанатқызы

Самар ауданы прокуратурасының ұсынысы негізінде аудан әкімдігімен бірлескен жұмыс аясында иегерілмеген жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында 5 млн гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырған болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Ауылшаруашылық жерлердің тапшылығын азайту бойынша аудан әкімдігімен жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыс аясында кадастрлық кұны 6, 4 млн теңге тұратын жалпы аумағы 879 гектар пайдаланылмай жатқан 6 жер телімін мемлекет меншігіне қайтару шаралары қабылданды (Самар ауданы әкімінің 2023 жылғы 19 мамыр және 1 маусымдағы қаулылары). Бұл ауылшаруашылық жерлері жер заңнамасының талаптарына сәйкес ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру үшін айналымға енгізілетін болады. Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда, – дейді Самар ауданының прокуроры Айдос Болатұлы.


Айта кетейік, жыл басынан бері прокуратура актісі негізінде әкімдікпен бірлесіп кадастрлық құны 24,1 млн теңгені құрайтын 3 мың гектардан астам пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлері қайтарылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу