KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Глубокое ауданында 299 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

4.04.2023, 16:08 255 Ләззат Қанатқызы

Глубокое ауданында жыл басынан бері 299 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жалпы, облыс бойынша 120 мың га, ал Глубокое ауданы бойынша 2,5 мың га жерді мемлекет меншігіне қайтару міндеті қойылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Президент тапсырмаларын іске асыру мақсатында, екінші жыл қатарынан пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару міндеті қойылды. Ағымдағы жылдың басынан бері ауданға 299 га (12%) қайтарылды, – дейді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында 5 млн гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырған болатын.

Осы орайда ШҚО-да құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жер учаскелерін алып кою мәселесі бойынша ведомствоаралық топ құрылып, 2022 жылы өңір бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жоспары бекітілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив