KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Алтай ауданында су тасқынының алдын алу шаралары қолға алынды (видео)

Алтай ауданы әкімдігінен
Алтай ауданы әкімдігінен
10.03.2024, 19:00 177 Назерке Каримова

Алтай ауданында қар мен мұзды жинау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Қысқы кезеңнің басынан бастап коммуналдық қызметтер Алтай қаласынан 28515 текше метр қар шығарған.

Сондай-ақ, нөсер кәріз жүйесін, бақылау және жаңбыр суы ағатын құдықтарын тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ, Малеев, Соловьево және басқа ауылдарында тасқын бола қалған жағдайда су ағып өтетін жолдар мен көпірлердегі жағдай да жіті бақылауда.

Аудандағы төтенше жағдлайлар бөлімінің мамандары көктемгі су тасқыны жағдайында әрекет ету ережелері жазылған парақшалар таратып, ескерту жасап жүр.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде көмек көрсету үшін Алтай ауданына №68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келген болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу