KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да су тасқыны мерзіміне белсенді дайындық жүріп жатыр

ШҚО ТЖД

9.03.2024, 23:00 246 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстанда температуралық фонның жоғарылауы байқалады, қардың қарқынды еруі басталды.

Облыстың азаматтық қорғау қызметтері жоғары әзірлікке келтірілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД.

Өңірге Семей қаласындағы ҚР ТЖМ №68303 әскери бөлімінен қосымша 50 адамнан тұратын әскерилер келді. Олар жағдайды мониторингілеу және су тасқыны орын алған жағдайда шұғыл ден қою үшін Алтай және Күршім аудандарына бөлінеді.

- Алтай ауданында қар жамылғысының биіктігі 126 см, таулы аудандарда 138 см. Күршім ауданында 100 см, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Бүгінгі таңда өңірде жағдай тұрақты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу