KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2,7 м/с, ОШ
439.43 473.31 4.82

Глубокое ауданының мектептерінде оқушыларға ұлттық салт-дәстүрді үйретуде

Глубокое ауданы әкімдігінен
Глубокое ауданы әкімдігінен
16.03.2024, 18:00 72 Назерке Каримова

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұлтты ұлт ететін айрықша белгілердің бірі – мәдениеті пен өнері, салт-дәстүрі.

Глубокое ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте «кимешек кигізу» жоралғысына арналған қойылым қойылды. Оқушыларға қазақ салт-дәстүрінің маңызы түсіндіріліп, ұлттық киімдердің ерекшеліктері айтылды.

- Кимешек кигізу салт-дәстүрі келіншектің балалы болған күннен бастап киетін бас киіміне байланысты шыққан. Бұл салт үшін арнайы дайындықтар жүргізілген. Осының барлығы қойылым арқылы әдемі көрініс тапқан. Оқушылар қызығушылықпен тамашалады, - деді аудандық ішкі саясат бөліміндегілер.


Жас келін перзентті болып, ол қырқынан шыққанда енесі «Сен енді санатқа қосылдың. Бұрын бала едің, енді ана болдың, дана болдың. Енді осы үйге толық мүшесің» деп келіннің маңдайынан сүйіп, ақ батасын береді. Бұл жиынды келіннің енесі ұйымдастырады. Кимешектің ана мен баланың тазалығы үшін маңызы жоғары болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив