KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуіміз қажет – ШҚО әкімі

18.03.2024, 16:22 162

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев аймақта ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді қолға алып, ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет отырысынан кейін әкімдікте өткен жиналыста ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру, оларды  қайта өңдеу сияқты бірқатар мәселелер қозғалды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Облыс аумағында өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы айтарлықтай жоғары. Мысалы, жергілікті сүт өнімдерінің  сапасы шетелдік өнімдерден артық түспесе кем емес, ішкі нарықты жоғары сұранысқа ие. Осылайша ет сынды басқа да бағыттарды дамытуға ден қою қажет  – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Аймақ басшысы ауылшаруашылық ошақтарын дамытып қана қоймай, өнімдерді жарнамалау және маркетингтік жолмен қолдау көрсету қажеттігін де еске салды. Осылайша, жеке кәсіпкерлерге өнімдерін брендке айналдыруда қолдау көрсетілмек.

Сондай-ақ облыс әкімі қала ішіндегі туризмді қолға алуды тапсырды. Шетелдік туристерге арналған нысандардың әлеуетін арттырып, ақпараттық базасын қалыптастыру қажет. Яғни қала аумағындағы  қонақ үй кешендерінің саны, мәдени-тарихи нысандарда сервис сапасын арттыру міндеті тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу