Бүгін Өскеменде Ұланғасыр мен Kalifarniya өнер көрсетеді

instagram.com/ulangasyrqamiev
Орталық алаңдағы мерекелік шаралар таңғы сағат 10.00-ден басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сағат 10.00 мен 14.00 аралығында жергілікті өнер ұжымдарының және қазақ эстрада жұлдызының қатысуымен күндізгі мерекелік концерт өтеді. Жас әнші Ұланғасыр Қами мен Мұтұрғановтардың «Шапито» циркі өнер көрсетеді. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары үшін «бауырсақ пати», спорттық сайыстар, мерекелік жәрмеңке, батырлармен фотосессия ұйымдастырылады. Киіз үй қалашығы құрылып, бұл күні үздік киіз үй анықталады.
Ал 19.00 мен 22.00 аралығында өтетін кешкі мерекелік концертте қазақ эстрада жұлдыздары Kalifarniya мен Нұргүл Мыңғатова өскемендіктерді әсем әнмен тербейді.
Айта кеткен жөн, таңғы 05.00-ден 23.30-ға дейін трамвайлар халықты тегін тасымалдайды.