KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Алтай ауданы Наурызды тойлап жатыр

Алтай ауданы әкімдігінен
Алтай ауданы әкімдігінен
22.03.2024, 14:00 175 Назерке Каримова

Аудандағы қалалар мен ауылдарда мерекелік шаралар 14 наурыздан басталған.

Негізгі мейрам бүгін Алтай қаласының мәдениет орталығы маңындағы алаңда өтіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Киіз үйлер қалашығында ең үлкен бауырсақ, ең ұзын бұрым, ең дәмді чак-чак анықталып, ұлттық оюлар оюдан шеберлік сағаттары өтті. Сондай-ақ, ұлттық киім көрсетілімі өтіп, «Қыз ұзату», «Тұсау кесер», «Бесікке салу», «Беташар» сынды салт-дәстүрлер көрсетілді.

Киіз үйлер қалашығы жыл сайын жаңарып келеді. Орталық алаң мен Тәуелсіздің аллеясына 9 киіз үй құрылса, жалпы аудан бойынша 15 киіз үй бобй көтерген. Алтай қаласындағы орталық алаңға Наурызды тойлауға 6 500-ға жуық адам жиналды.

Орталық алаңда кәсіпкерлер мерекелік жәрмеңке ұйымдастырды. Бұл күні 300 литр наурыз көже, 5 қазан ыстық палау, 100 келі ыстық бауырсақ таратылды.

Одан өзге, қой көтеру, қол күрес, гір көтеру, арқан тарту сынды спорттық сайыстар да өтіп жатыр.

Жергілікті өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы да келушілерге көңіл күй сыйлады.

Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев жерлестерін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ақ тілектерін арнады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив