KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

«Отау» бағдарламасымен ауылдан да баспана сатып алуға болады

Фото: kursiv.media

26.03.2024, 19:39 183 Жанаргүл Мұқатай

Елімізде 1 наурызда басталған «Отау» бағдарламасы арқылы ірі қалалармен қатар аудан орталықтарында, моноқалаларда және ауылдарда да тұрғын үйді алғашқы нарықтан (егер ол елді мекенде болса) және қайталама нарықтан (пәтер, сондай-ақ жеке үй) сатып алуға болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ол үшін ауылдардағы нысандар банктің кепіл саясатына сәйкес келуге тиіс. Яғни тұрғын үй 1964 жылдан кейін және белгілі бір материалдардан салынуы керек. Мысалы, банк қаңқалы-қамысты құрылыстарды кепіл ретінде қарастырмайды.

2024 жылдың 1 наурызынан бастап  «Отау» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен пәтер, үй сатып алуға «Отбасы  банкі» салымшыларынан өтінімдер қабылданып жатыр. Тұрғындар  30 сәуірге дейін (қоса алғанда) Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысуға өтініш жолдай алады.

Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында тек бастапқы нарықтағы тұрғын үйді, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша немесе сақтандыру құралын пайдалана отырып сатып алуға болады. Барлық басқа елді мекендерде кез келген тұрғын үйді сатып алуға болады.

Бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20%-дан басталады. Несие бойынша мөлшерлеме жылдық 9%-ды құрайды (ЖЭС - 9,2%-дан бастап). Несие мерзімі - 19 жылға дейін.

- Бағдарламаға қатысушы бастапқы нарықтағы тұрғын үйді Баспана маркет порталынан (otbasybank.kz) ғана сатып ала алады. Бұл опция жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған. Осы платформада орналастырар алдында әрбір нысан тұрғын үйдің ағымдағы нарықтық бағасы негізінде құнын келісу процесінен өтетін болады. Егер ол нарыққа сәйкес келсе, онда құрылыс салушымен 1 шаршы метрге бағаны белгілей отырып, осы тұрғын үйді сату туралы келісім жасалады, – деді «Отбасы банкі» АҚ ШҚОФ директорының орынбасары Қаршыға Жақсылықов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу