KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жарты жылда Өскемендегі тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1000 салымшысы үй алды

2.07.2019, 10:57 131

6 ай ішінде Өскемендегі тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1000 салымшысы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ТҚЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2019 жылдың қаңтарынан бастап ТҚЖБ-ның 1000-нан астам клиенті пәтер кілттеріне ие болды. Олардың 260–ы - "Әскери баспана" бағдарламасының 2 кезеңі аясында өз баспаналарын ресімдеген әскери қызметшілер. Несиелердің жалпы сомасы 2 млрд. 522 млн. теңгені құрады. Әскери қызметкерлер арасында ең көп сұранысқа ие болған 2 және 3 бөлмелі пәтерлер. Осылайша, 2019 жылғы 2 мамырда басталған әскери қызметшілерге арналған жаңартылған тұрғын үй бағдарламасы сәтті аяқталды және 19 жұмыс күні ішінде Қазақстан бойынша осы бағдарламаға бөлінген жылдық лимит толығымен игерілді – бұл шамамен 60 млрд.теңге. Жалпы, ел бойынша ҚТҚЖБ бір айда 3800 әскери қызметшінің тұрғын үй мәселесін шешті. "Әскери баспана" бағдарламасын жүзеге асырудың үшінші кезеңі 2020 жылдың қаңтарында басталады. Естеріңізге сала кетейік, оның аясында тұрғын үй төлемдерін алушылар жалпы пәтер құнының 15% мөлшерінде бастапқы жарна жинаған жағдайда жылдық 8% үстемемен тұрғын үй сатып алуға несие ала алады. Несие алу үшін әскери қызметшілерге конкурсқа қатысуға және оның нәтижелерін күтудің қажеті жоқ. Бұл ретте тұрғын үй таңдауда шектеулер жоқ. Бастапқы нарықта пәтер сатып алуға, үлестік құрылысқа қатысуға немесе қайталама нарықта тұрғын үй алаңын таңдауға болады. Сондай-ақ жеке үй сатып алуға болады.

Сондай-ақ, өңір тұрғындары "Нұрлы жер" бағдарламасының көмегімен өз тұрғын үй мәселесін шешті. Жыл басынан Тұрғын үй құрылыс жинақ Банкінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 782 млн.637 теңгеге 119 несие берді. Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарлама аясында салымшылар арасында тағы 4 нысанға өтініштер қабылданып жатыр – бұл 400 пәтер. Үйлер қаланың экологиялық таза жерінде – 19 шағын ауданда орналасқан және құрылысы аяқталуға жақын. Бұл үйлердегі "таза" әрленген пәтерлердің 1 шаршы метрі - 140 000 теңгеге дейін.

"Нұрлы жер" бағдарламасының қатысушысы болу үшін шотта тұрғын үй құнының 20%-ы болуы қажет және жылдық 5% - дық үстеме бойынша жеңілдетілген несие алуға үміткер бола аласыз. Нысандар туралы толығырақ ақпаратты baspana.kz порталынан білуге және ұнаған пәтерді таңдап, өтініш беруге болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу