KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының өз эндоскопия орталығы болады

27.03.2024, 16:01 129 Айна Ескенқызы

Келешекте ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында өзінің эндоскопиялық орталығы ашылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

- Қазір орталықтың хирургиялық корпусының бірінші-үшінші қабаттарын жаңғырту жобасы қолға алынбақ. Бүгінде облыстық құрылыс басқармасы конкурстық процедураларды жүргізіп жатыр. Мергідер анықталғаннан кейін, тамыз айына қарай жаңғырту жұмыстары басталып, келесі жылы аяқталуы тиіс. Бөлімше қазір жұмыс істеп тұр. Алайда жаңғыртудан кейін жаңа орталық барлық заманауи талаптарға сәйкес болады, ең алдымен, пациенттердің қауіпсіздігі, инфекциялық жағынан, препараттармен қамтылу жағынан ескеріледі. Сол кезде өзіміздің эндоскопиялық орталықты ашу жоспарымызда бар, - деді орталықтың директоры Гүлмира Габдулқызы.

Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының онкологтары аш ішектің, тоқ ішектің, тік ішектің ауруларына аз инвазивті - лапароскопиялық және эндоскопиялық операциялардың барлық түрлерін жүргізеді. 2023 жылы ішекке 200-ден астам ота жасалды, олардың 60%-ы аз инвазивті әдістермен жасалған.

Қазір орталықта виртуалды колоноскопия әдісі кеңінен қолданылып жүр екен.

- Виртуалды колоноскопия немесе компьютерлік томографиялық колонография - бұл КТ аппаратының көмегімен жасалатын және бүкіл тоқ ішекті кешенді бағалауда қолданылатын сәулелік диагностикалық әдіс. КТ колонографиясын орындау кезінде жоғары диагностикалық дәлдікке қол жеткізуге болады, ішектің әртүрлі ауруларын, полиптерді анықтауға мүмкіндік береді. Қолайлылығы – науқасқа ешқандай седадивті препарат енгізілмейді, аз инвазивті, науқас КТ бақылауында жатады. Науқас бірнеше рет сканерлеуден өтеді. 2023 жылы виртуалды колоноскопиямен 67 зерттеу жасадық. 27 науқасты ары қарай тереңдетілген зерттеуге жібердік,  - деді онкологиялық орталықтың консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің эндоскопия маманы Нұргүл Өтебаева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив