Қалбатау-Майқапшағай жолы қалпына келтіріліп жатыр
Фото: Қазавтожол
Наурыздың 29-ы күні Шығыс Қазақстан және Абай облыстарын байланыстырған Қалбатау-Майқапшағай тас жолының 1090-1092 шақырымында еріген қар суы жолды шайып кеткен болатын.
«Қазавтожол» АҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары Дамир Сапарғалиевтің хабарлауынша, қазір қызылсудың деңгейі біраз төмендеп, жолды тезірек ашу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгін кешке дейін автожол қалпына келтірілетін болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүлінген жолды қалпына келтіруге сегіз адам, 20 техника жұмылдырылған.
Айта кетейік, аталған жолдың бойында екі су өткізу құбыры болған. Еріген қар суы құбырға сыймағандықтан жол жиегіне жайылған. Сол себепті бұл бағытта көлік қатынасы уақытша тоқтатылған.