KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
517.66 606.49 6.44

ШҚО-ның таулы аумақтарында қар көшкіні жүруі ықтимал

Фото: selfmadetrip.com

5.04.2024, 10:58 264 Ержан Әбіш

«Қазселденқорғау» ММ Шығыс Қазақстан филиалының ақпаратынша 5 сәуірден 8 сәуірге дейін ШҚО-ның таулы аумақтарында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуды ұсынады. 

– Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда – тоқтамаңыз, бірақ қауіпті аймақтан тез шығыңыз. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса, ұялы телефонынан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір «112-ге» хабарласыңыз, – деп хабарлайды ШҚО ТЖД.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу