KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

ШҚО-да қар көшкіні болуы мүмкін

Фото: el.kz

31.01.2024, 10:43 68 ALTAINEWS

«Қазселденқорғау» ММ ШҚО филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға байланысты 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.            

 

 

ШҚО ТЖД мамандарының ұсынысы бойынша, бұл уақытта тауға барудан бас тартқан жөн.

 

 

- Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді. Сондықтан олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамай, қауіпті аймақтан тез шығыңыз, - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

 

Егер төтенше жағдайға тап болып, өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса, ұялы телефоннан «112» -  жедел қызметтерді шақырудың бірыңғай нөміріне хабарласыңыз.

 

                                                                          

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив