ШҚО тұрғындарына тауға барудан бас тартуға кеңес беріледі

4sport.ua
«Қазселденқорғау» ММ ШҚ аумақтық пайдалану басқармасы филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайға байланысты 21-24 желтоқсан аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі бар, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Сондықтан ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға бұл уақытта тауға барудан бас тартуға кеңес береді.
Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда - тоқтамаңыз, бірақ қауіпті аймақтан тез шығыңыз. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса – «112» ұялы телефонынан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір.
Айжанат Бақытқызы