Алдағы күндері ШҚО-да жауын-шашын күтіледі

pexels.com
Облыста 8-10 сәуір аралығында жауын-шашын болатынына байланысты тасқын қаупі жоғары, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.
"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша, температуралық фонның ары қарай жоғарылауы мен облыстың басым бөліктерінде негізінен жаңбыр түрінде көп мөлшерде жауын-шашын болжамына, сондай-ақ қардың қарқынды еруі және өзендердің мұз қабатынан ашылуына байланысты, өзендерде су деңгейінің күрт көтерілуі, мұз кептелістері және еріген қар суы мен беткейлік ағындардың қалыптасуы мүмкін.
ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
- арықтар мен жыраларды тазарту - бұл еріген су тасқыны қаупін азайтады;
- үйдің аумағын үйіп тастау үшін қолда бар материалды дайындау - қаптар, топырақ, құм, саз;
- егер сіздің үйіңіз су тасқыны қаупі бар жерде болса, азық-түлік қорын жертөлелерден су жетпейтін жерге ауыстырыңыз;
- ауа райы болжамын және гидрологиялық жағдай туралы хабарламаларды қадағалаңыз
Төтенше жағдай кезінде "112" телефоны бойынша хабарласуға болады.