KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Алтайдың тағы бір ауылында тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізілді

8.04.2024, 08:28 183 Оразай Жеңісұлы

Алтай ауданының Соловьево ауылында тасқынның алдын алу шаралары белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Мамандар тұрғын үйлер мен аулалар тасқынның «тұтқынында» қалмас үшін су бұру жұмыстарын жалғастыруда. Жағалау нығайтылды және өзенге су бұру каналы салынды. Бұл жұмыстар елді мекендегі жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, өзендегі су деңгейіне мониторинг жүргізілетінін айта кетуіміз керек.

Соловьево ауылында 24 үй, 58 тұрғын бар. Қазіргі уақытта 15 бала қауіп басым аймақта тұр. Ауыл мектебінде эвакуациялық пункт жабдықталған. Су басқан жағдайда табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындар сонда орналасады. 

Алтайдағы су тасқынына байланысты жағдай аудан әкімі Ренат Құрмамбаевтың бақылауында.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу