KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 2 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Таза Қазақстан: ШҚО-да 82 мың тұрғын үй ауласы қоқыстан тазартылады

Фото: Аяужан Утеулинова

9.04.2024, 14:16 333 Ләззат Қанатқызы

8 сәуір, яғни кеше елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады. Бұл жолғы акцияның ерекшелігі - әр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар.

Бұл туралы ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталмыш акцияға еліміздің әрбір өңірі қосылып жатыр. Науқанның алғашқы күнінен 13 сəуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Яғни, бір апта ішінде тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды қоқыстан тазартуы керек.

- Алғашқы күннен бастап үш күн ішінде экологиялық акцияға 20 мыңнан астам адам қатысып, 27 техника жұмылдырылды. Тұрғын үй аула аумақтарынан 7 мыңға жуық қоқыс шығарылды. Өңір тұрғындарынан акцияға белсене қатысып, өз аулаларыңызды тазартуды сұраймыз, - деп атап өтті Нұрлан Рамазанов.

Осылайша акция 82 мың тұрғын үй ауласы мен 89 мың жеке үй ауласын қамтымақ.

15-20 сəуірге дейін жалғасатын екінші аптаға «Киелі мекен» деп атауы берілді. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

- Өңірдегі 60-қа жуық тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын тазартып, абаттандыруды жоспарлап отырмыз, - деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы.

«Жасыл аймақ» деп аталған үшінші апта 27 сәуірге дейін жалғасатын болады. Бұл апталықта көшеттер отырғызылады жəне ағаштар əктеледі.

29 сәуір мен 4 мамыр аралығында өтетін төртінші аптаға «Өнегелі ұрпақ» деп тақырып қойылған. Яғни ардагерлер мен қарттардың аулаларына тазалық жүргізіліп, оларды абаттандыруға көмек беріледі.

«Мөлдір бұлақ» атауы берілген соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу