KZ
Өскемен
+33°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
474.83 515.38 5.5

Бүгін ШҚО-да бірнеше көлік өрті тіркелді

13.04.2024, 14:00 98 Назерке Каримова

Алтай ауданында бензин таситын екі көлік жанса, Өскеменде жеңіл көлік өртке оранды.

Өрттен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Алтай ауданындағы Зубовск кентінде бокстағы мұнай базасының аумағында 2 бензин таситын автокөлігі өртенді. Өрт сөндіру бөлімшелері ГПС-600 берді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылымен 19 ш.м. аумақты шарпыған жалын жойылды.Өртті сөндіруге барлығы 3 техника мен ТЖД жеке құрамының 10 адамы тартылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Сондай-ақ, бүгін Өскемен қаласында Есенберлин көшесінде "Лада Приора" жеңіл автокөлігінен өрт шықты. Өрт сөндірушілер 4 шаршы метр аумақтағы жалынды ауыздықтады.

ШҚО ТЖД автомобиль көлігіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады:

- техникалық байқаудан уақытында өту

- магнитоланы, дабылды, қозғалтқыштың іске қосу құрылғысын тек мамандандырылған орталықтарда орнату

- автомобиль салонында өрт сөндіргіш болуы керек

- мотор бөлімінде бөгде тез тұтанатын заттарды ұстамаңыз

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив